Әлем жаңалықтары
ДДСҰ маймыл шешегімен күресуге 135 миллион доллар сұрады
Фото: ДДСҰ
Гебрейесус маймыл індетімен күресу халықаралық қоғамдастықтың кешенді және үйлестірілген күш-жігерін қажет ететінін атап өтті.
Алдағы алты айда ДДСҰ-ға маймыл шешегінің өршуіне қарсы күреске шамамен 135 миллион доллар бөлу қажет, бұл туралы ұйымның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz .
– Біздің болжамымызша, аурудың өткір кезеңінде маймыл індетін тезірек тоқтату үшін алдағы алты айда шамамен 135 миллион доллар қажет, – деді ол.
Гебрейесус маймыл індетімен күресу халықаралық қоғамдастықтың кешенді және үйлестірілген күш-жігерін қажет ететінін атап өтті.
Бұған дейін Арменияның Денсаулық сақтау министрлігі елде маймыл шешегі індетінің бірде-бір жағдайы тіркелмегенін және ведомствода бұл аурудың ену және одан әрі таралу қаупі төмен саналатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, елге приматтар мен кеміргіштерді әкелуге және тасымалдауға тыйым салынды.
Естеріңізге сала кетейік, Африкада mpos (маймыл шешегі) өршуі нәтижесінде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жариялады. Бір аптаның ішінде 2000-нан астам жаңа жағдай тіркелді және вирус көрші елдерге тарала бастады, бұл халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырды. Бүкіл әлем бойынша, соның ішінде Қазақстан мен Қытайдағы билік вирусты тежеу және оның жаһандық таралуын болдырмау үшін алдын алу шараларын күшейтіп жатыр.