Қаржы және төлемдер

Банк қызметкері клиенттердің атынан 60 миллион рәсімдеген

Фото: ашық дереккөз
Банк қызметкері клиенттердің атынан жалпы 60 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, ақшаны достарына жіберген, – деп хабарлайды qandastar.kz.
Қазақстанның бас прокуратурасы аса ірі алаяқтық жасады деген тағы бір күдіктіні Ресейден экстрадициялады.
Ведомствоның мәліметінше, күдікті 2019-2022 жылдар аралығында Тараз қаласындағы банк филиалының қызметкері болып жұмыс істеген. Сөйтіп банк клиенттерінің атынан несие рәсімдеген.
«Банк клиенттерінің шоттарына қол жеткізген күдікті қаражатты достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде банк клиенттеріне 60 миллион теңге көлемінде залал келтіргені белгілі болды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды», – делінген хабарламада.
Күдікті биыл сәуір айында Краснодар өлкесінің аумағында ұсталды. Сөйтіп еліміздің Бас прокуратурасының сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыс үшін оның мүлкі тәркіленді. Күдікті бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close