Жаңалықтар

Депутат Тұрлыхановтың сотты болған ұлы түнде көзге түскен: кінәлілер жазаланды

Коллаж Ulysmedia.kz

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатпен болған оқиғаға тағы да түсініктеме берді. Ол түнде көшеде бостандығы шектелсе де, түнде көшеде жүрген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер брифинг барысында депутаттың ұлы неге 14 тамызда — үкім жарияланғаннан бірнеше ай өткен соң ғана есепке қойылды деп сұрады.

Бұған дейін ҚАЖК бұл іс бойынша үкім пробация қызметіне кешігіп келіп түскенін хабарланған болатын. Бүгін ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібеков процессуалдық заңды бұзғаны үшін кінәлілер жазаланғанын айтты.

– Пробация қызметіне үкім түскеннен кейін осы сотталған адам сол күні есепке қойылады. Бұл факт бойынша біз бұған дейін ресми түсініктеме берген болатынбыз.
Үкім 14 тамызда орындалды деп айтылды. Осыған қарамастан, жол берілген іс жүргізу бұзушылықтары үшін бірқатар кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деді ол.

Нұрасыл Болаттың ісі

2023 жылғы 11 ақпанда әскери қызметші Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың алдында ерлі-зайыпты заңгер Анна мен Олег Черновтарды соққыға жыққан еді.

2023 жылдың қазан айында Алматы гарнизонының әскери соты депутаттың ұлына 1 млн 720 мың теңге айыппұл салды. Бұдан басқа, жәбірленушілердің пайдасына 1 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы және өкілдің қызметтеріне ақы төлеу бойынша 1,6 млн теңге сомасында шығын өндірілді. Зардап шеккен тараптың адвокаттары судьяның шешімімен келіспей, шағым түсіріп, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

2024 жылғы 14 мамырда үкім бостандықты шектеуге өзгертілді, алайда тамыздың ортасында куәгерлер Нұрасыл Болатты түнде көшеде еркін жүргенін байқады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close