Жаңалықтар

Қызылордада 16 жасар қызды жөзекшелікке салған «жасөспірім сутёнерлер» кім?

Фото: Orda.kz 

Сексуалдық құлдықта сегіз айын өткізген жасөспірім қыздың ісі жайлы тың мәліметтерді ашуды жалғастырамыз. Көптеген бір-біріне қарама-қайшы мәліметтердің ақ-қарасын анықтау үшін Orda.kz тілшісі Қызылордаға барып, жеке зерттеуін жүргізді.

Оқиғаның басты «кейіпкерлері» оқыған № 7 мектеп-лицейіне тоқталайық. Директордың орынбасары сыныпта 19 оқушы барын,олардың көпшілігі мектеп өміріне белсенді қатысатынын айтты. Оның айтуынша, мектеп соңғы оқиғаға дейін жанжалмен ерекшеленбеген, тек сапалы білімге ғана назар аударып келген. Жасөспірім қыз қазақ сыныбында оқыған екен. Ең бастысы, мектепке барған сапарымызда қызықты бір жағдайды анықтадық. Қала әкімінің өзі сөз қозғаған жауапсыз мектеп қызметкерлері қыметтен әлі босатылмаған болып шықты. Директор орынбасарының айтуынша, сынып жетекшісін, психологтар мен тәрбиешілерді жұмыстан босату мәселесі әлі қаралуда. Тіпті олардың барлығын жаңа оқу жылында қайтадан жұмысқа шақыру мүмкін екен айтты. Қазір мектеп пен оқушылардың ата-аналары арасында жағдай біршама шиеленіскен.

«Ата-аналар әртүрлі болады. Кейбіреулері балаларын тыңдаса, кейбір ата-аналар тәрбие жұмысы отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы екенін түсінеді. Ал кейбіреулері тәрбие жауапкершілігін толығымен мектепке жүктейді. Осы оқиғадан кейін мектептен балаларының құжаттарын қайтарып алған жағдайлар да болды», — дейді директордың орынбасары.
Дегенмен сұхбат барысында қыз оқыған сынып мектептегі үздік сыныптардың бірі екендігі мәлім болды. Ал оқушылардың нәтижелері жоғары. Тіпті өздерінің жергілікті театрларын құрған екен. Қыз бен оның отбасы туралы әңгімеден директордың орынбасары сәл аяқ тартты. Тек қыздың сырттай қалыпты көрінгенін, денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмағанын айтты.

«Қыздың көгерген немесе шаршаған күйде келген кезі болған жоқ. Суреттерден оның қалыпты көрінгені байқалады. Оның терісі нәзік әрі аппақ, егер көгерген не күйген жерлері болса байқар едік. Ол репетицияға сәнге айналған қысқа жеңді кофтада келуі мүмкін еді, бірақ біз ештеңе байқаған жоқпыз. Оның анасы мұндай нәрселерді қайдан алғанын білмеймін. Мүмкін, бұның бәрін ол өзін қорғау үшін айтып отырған болар», — деп қосты.

Сонымен қатар, қыз бен оның анасының қарым-қатынасы қиын болған, анасы үйде жиі болмай, қызды әкесінің қамқорлығына қалдырған көрінеді.

«Шешесі маған жеке келіп, қызымен байланыс орнатуға көмектесуімді сұрады. Ал қазір көріп отырғандай қызының қорғаушысы бола қалды. Шешесі қызды әкесіне қалдырып үйінде алты ай болмаған. Сол кезде қыз қараусыз қалды. Біз ештеңе істей алмадық, себебі ол туған әкесімен бірге тұрды. Мектепке келмеген кезде, сынып жетекшісі әкесіне хабарласты. Ол: «Иә, ол өзінің құрбысының үйінде, мен рұқсат бердім» деп жауап беретін», — деді директор орынбасары.

«НеМолчиKZ» қорының басшысы Дина Таңсәрі қыздың «сутёнерлер» тарапынан үнемі қатыгез зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты. Олар қызды ұрып-соғумен қатар, ішін ыстық целлофанмен күйдіріп, жарақаттаған. Сондай-ақ, олар қыздың үстіне, іш киіміне дейін өртенген қағаз лақтырып отырған, және оны мазақ еткен.

Таңсәрінің айтуынша, «жасөспірім сутёнерлер» қызды «Кыздар.нет» сайтында тіркеп, оған жұмыс кестесін әрі қанша «табыс» табу керектігін белгілеп қойыпты.

«Олар қызды мазақ етіп ұруды ермекке айландырып алған. Қыздың қарсылық көрсетер шамасының жоқ екеніне әбден құнығып, одан көп нәрсені талап еткен. Қызмет көрсететін еркектердің санын арттырып, ешқандай шек қоймаған. Олардың бар көздегені қызды қалауынша пайдаланып ақша табу әрі соманы күн сайын көбейтіп отыру болған», — деді Таңсәрі.
Сонымен қатар, қор басшысының айтуынша, қыз үшін ең ауыр кезең 2024 жылдың мамыр айында басталды. Ол дамылсыз күндізгі 15:00-ден таңға дейін интимдік қызметтерді сутёнерлердің бірінің пәтерінде көрсеткен.

Сексуалды құлдықта болған қыз бен сутёнерлер туралы олардың сыныптастары не дейді?
Қазіргі уақытта жеңгетайлыққа күдіктелетін үш кәмелетке толмаған бала туралы белгілі, олардың екеуі құрбанның сыныптастары.

Ескерту: құрбан мен күдіктілердің есімдері өзгертілді.

Мектептен алынған анонимді сұхбаттасушымыздың айтуынша, құрбан Лаура ұзақ уақыт бойы күдікті Айгүлмен жақын достық қатынаста болды. Оларды қорқынышты оқиғаға дейін ең жақын құрбылар деуге болатын еді. Кейінен Айгүл жиі Лаураны мектепте бақылап жүрген және Лаураны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген сәттен бастап олар достық қатынастарын тоқтатқан. Айгүл мен екінші күдікті Даурен ұнамсыз мінездерімен танылған және ұрысып, шу шығаруға құмар болған екен.

Біздің анонимді сұхбаттасушымыз күдікті Айгүл мектепте жиі көрінетінін, ал Лаура сабаққа сирек қатысатынын, бірақ мектепте оның жиі сабақтан қалатынына көп көңіл бөлінбегенін айтты.

«Оның мектепте қаншалықты жиі болмағанын айта алмаймын. Бірақ сабақтан көп қалса да, мұғалімдер мен директор оны байқамады. Мектепте оқушысының сабаққа қатысуы мен оның жағдайына немқұрайлы қараған. Кейде саған ұрсуы мүмкін, бірақ ол тек сырт көз үшін ғана. Мұғалімдерде қыздың таяқ жегеніне назар аударатындай мұқият қадағалау болмайтын. Әрине, оған көмек көрсету керек еді, ол өз-өзін қорғай алатындай мықты емес. Өкінішке қарай мұны ешкім байқамады. Бұны білетіндер жауыздар жағында болды», — деді біздің сұхбаттасушымыз.

Ал екінші күдікті – Дәуреннің өте шатақ мінезді, қатарластарын басынып, қыздарды жиі қорлайтыны мәлім болды.

«Барлығы оның қыздарды қорлайтынын растай алады. Ол әрдайым осындай істері үшін жазаланбайтын. Тек ұлдармен ғана араласатын Дәурен бір топ балалармен үнемі мектептен тыс сауда орталықтар мен фудкорттарда жиі серуендейтін», — дейді сұхбаттасушымыз.

Қос күдікті Айгүл мен Дәурен арасындағы байланыс тығыз. Дәурен Айгүлдің сіңлісі Ділнәзбен қыз бен жігіт болып кездескен екен. Тіпті жасөспірім Дәурен Ділнәзға Baiuzaq Plaza сауда үйіндегі киім дүкенін сыйға тартқан. Дереккөздің айтуынша, бұл ақша Лаураны сексуалдық эксплуатациялау арқылы келуі мүмкін.

«Дәуреннің тағы 2004 жылғы екі бауыры немесе өзі «бауыр» деп атап алған балалар да Лаураны зорлады. Біреуі оны көлікте зорласа, екіншісі қайда зорлағанын білмеймін. Бірақ олар айуандықтарын іске асырған сәтте бірге болды», — деді сұхбаттасушымыз.

Дәуреннің жанұясы жағынан біреудің сауда нүктесін сыйға бергенін немесе жалға алғаны туралы ақпаратты біздің екінші дереккөзіміз де растады. Біз сатушылардың бірімен сөйлесу үшін сауда орталығына бардық. Таңертең 11-де дүкеннің әлі жабық екенін көрдік. Көрші дүкендерден сұрастыра келе, киім дүкені әрқашан уақытында ашылмайтындығын және кейде кешке қарай ғана бірнеше сағатқа ғана ашылатынын анықтадық.

«Байқағанымдай дүкенді тек ермек үшін ашқан сияқты, саудаға немқұрайлы қарайды», — деді көрші дүкендегі әйел.

Сонымен қатар, күдіктілердің әлеуметтік желілердегі парақшаларын таптық. Олардың суреттерінің астында жиі Құран аяттары, дінге қатысты дәйексөздер мен сілтемелер кездеседі, бірақ біздің дереккөздің айтуынша, бұл тек сырт көз үшін ғана екен.

«Олар діни адамдар емес. Бұл тек сырт көз үшін ғана, дінді өздерінің видеоларында атап өтіп, сол арқылы сәнді көрінуге тырысатын. Олар алкогольді ішімдіктер ішетін. Мысалы, Дәурен бітіру кешінде ата-анасының көзінше қатты мас болып полицейлерден қашқан болатын. Жалпы олардың сыныбында барлығы байлық пен сәнді өмірге қызығып, өздерін ересек әрі бай етіп көрсетуге тырысатын. Әсіресе, осы екеуі», — деді ол.

Сонымен қатар, мектепте Дәуреннің құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін туыстары бар деген сөздер тараған. Кейбір суреттерде ол достарымен бірге көлікте қызметтік куәлік ұстап тұр. Біз Дәуреннің суреттерінде көрінген көліктің кімге тиесілі екенін анықтамақ болдық. Алайда белгілі болғандай, көліктің мемлекеттік нөмірлері есептен алынған, себебі көлік иесі құқық қорғау органдарында жұмыс істейді.

Тағы бір дереккөзіміз күдіктілердің бірінің туысы балаларды қорғап қалатындай құзіретінің барын айтты. Бізге күдіктілерді ұйқамаққа осындай байланыстарының арқасында ғана шығарып алғанын айтты. Бірақ іс насырға шауып, кең резонансқа ие болғанда әлгі тусысының көмегі сейілген көрінеді.Сонымен қатар, Лаураның әрқашан сырт келбетінің жақсы көрінгендігін, бірақ көбінесе қайғылы әрі терең ойға батып жүретіндігін көпшілік байқаған. Ол өмірінің көп бөлігінде осы мектепте оқыды. Лаураның көптеген құрдастарынан айырмашылығы, сабырлы және жанжалсыз қыз болғандығында деп айтты сұхбаттасушымыз. 

Қызылордадағы жезөкшелік нарығы қалай ұйымдастырылған?

Біз Қызылордадағы жезөкшелік нарығы қалай ұйымдастырылғанын білу үшін жергілікті жезөкшелердің бірімен әңгімелестік. Оның айтуынша, «Қыздар.нет» сайты қалада әлі де белсенді жұмыс істеп тұр, ал қызмет бағасы Астана мен Алматыға қарағанда әлдеқайда төмен.

«Кейбір қыздар 10-15 мың теңгеге қызмет көрсетуге дайын. Бірақ мұндай қызмет көрсететін қыздардың саны айтарлықтай аз. Жалпы жұмыс істеудің басқа да арналары бар. Мысалы сауна және басқа да жерлерге шақырулар», —  деді ол.

Ол сондай-ақ, жәбірленуші сутенёрлерсіз жеке жұмыс істей алмас еді деп атап өтті. Оның айтуынша, қыздың өзіне көмек қажет болар еді, өйткені жалғыз жұмыс істеу тым қауіпті.

«Жалғыз жұмыс істеу өз қауіпсіздігің үшін қауіпті, біреу сені қорғауы керек. Адамдар әртүрлі болады. Кейде бізге агрессивті ер адамдар тап болады. Сіз оның сутенёрлері кәмелетке толмағандар деп айттыңыз. Олардың қаншалықты көмектескенін білмеймін. Шынында да, олар оның менеджері болып, бұдан жақсы табыс тауып жүрген шығар. Олардың көмегі қажет болды ма? Әлде олардың арасында ересек біреу бар ма, бірақ біз ол туралы білмейміз», —  деп түйіндеді ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close