Жаңалықтар

Бекзат Саттархановтың анасы: Олимпиада алдында өзбек боксшылары келіп, батамды алып кетті

Фото: Видеодан скрин

Сидней Олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл Саттарханова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында қазақ боксшыларына ренішін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марқұм боксшының анасы чемпион атанған қазақ боксшыларының біреуі де келіп амандаспағанын айтты.

«Шыныңызды айтыңызшы, кейінгі кезде қай Олимпиада чемпионы сізге келіп кетті», – деп сұрайды журналист Нұрсейіт Жылқышыбай.

Бұл сауалға жауап берген Сырлыгүл Саттарханова Олимпиаданың алдында өзбек боксшылары өзіне арнайы келіп кеткенін айтады.

«Әр Олимпиада алдында өзбек боксшылары үйіме келеді. Бір жылдары Икарус автобусымен түгелдей келіп, дастарханымнан дәм ауыз тиіп, менен бата алып кетті. Жыл сайын келіп тұрады, биыл да келіп кетті. Ал биыл мен өз бала-шағамды көрмедім. Мен боксшыларды бала-шағам деймін. Бақтияр Артаевтан басқа ешкімді көрмеппін. Міне, 24 жыл болды ғой», – деді Сырлыгүл Саттарханова.», – дейді анасы.

Айта кетейік, өзбекстандық боксшылар Париж Олимпиадасында бес алтын медаль жеңіп алған. Ал қазақстандық боксшылар бір күміс медальмен ғана елге оралды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close