Жаңалықтар
Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында матчқа қатысудан бас тартты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында матчқа қатысудан бас тартты. Спортшы мұндай шешімді жарақатына байланысты қабылдаған.
Ол франциялық Джессика Поншемен алаңға шығуы қажет еді.
Биылғы соңғы «Үлкен дулыға» турнирін бұлай аяқтағым келмеген. Бірақ өз денемнің сырын білемін. Жылдың қалған бөлігін мықты болып өткіземін деп үміттенемін. Мені қолдаған және қолдап келе жатқан жанкүйерлердің бәріне алғысымды айтамын. Қалған теннисшілерге табыс тілеймін, – деді Рыбакина.
Ал теннисші Юлия Путинцева чемпионаттың үшінші айналымына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 40-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ванмен кортқа шықты. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, бәрінде қытайлық спортшы жеңген.