Жаңалықтар

Ақтауда 47 жастағы ер адам Каспиге батып кетті

Фото: Pixabay

Ақтаудағы «Алау» балалар лагерінің маңындағы жағалауда қайғылы оқиға болды. 30 тамыз күні куәгерлер ер адамның денесін тауып алып, судан шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Lada басылымының жазуынша, бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткен.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 30 тамыз күні таңғы сағат 9:54-те «Алау» балалар лагері аймағындағы жағалауда болған.

Оқиға куәгерлері 1977 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алып, судан шығарған.

«Ол суға түсуге тыйым салынған аймақта суға түскен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады аймақтық құтқарушылар.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close