Қаржы және төлемдер

Үкімет басшысы: 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталды

Фото: ашық дереккөз

Президентке мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстар топтамасы таныстырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлады qandastar.kz informburo-ға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары аудиторлық палатаның биылғы II тоқсандағы жұмысының қорытындылары таныстырылды.
Атап айтқанда, теміржолға баса назар аудара отырып, көлік саласына, сонымен қатар Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген.
Жалпы сомасы 2,9 триллион теңгеден астам қаржыны құрайтын 73 нысан тексерілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталған.

«Әлихан Смайыловтың айтуынша, кемшіліктерді жою үшін көлік саласын дамыту, бюджеттік-инвестициялық жобаларды іске асыру, отандық фармацевтика өнімдерін өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау тетігін қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірленді», – деп жазылған хабарламада.

Президентке мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстар топтамасы таныстырылды.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына биыл екінші жартыжылдықта жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы баяндалды.
Тексеру жұмыстары Назарбаев Университеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметін, сот жүйесін, сонымен бірге ауыл шаруашылығындағы, өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы жекелеген бағыттарды қамтиды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуын мүлтіксіз бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар жалпы мемлекеттік аудит жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыруға ерекше мән беру керек екенін айтты.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close