Жаңалықтар
«Оның істегенін ақтауға болмайды»: Айсәуле Бақытбек әкесін кешірмегенін айтты
Фото: ашық дереккөз
Баян Мақсатқызының тұңғышы Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Оқырмандарының бірі Айсәуле Бақытбектен әкесімен арасы туралы сұраған.
«Мен әкеммен жай ғана сурет жариялаған едім. Жұрттың бәрі: «Әкеңмен сөйлесетінің қандай жақсы», «Қандай жақсы еркек» деген сияқты пікірлер көптеп жазылды. Маған бұл ұнамайды.
Бұл дұрыс адамдар үшін қалыпты пікір емес. Оның істегенін ақтауға мүлдем болмайды. Мүмкін емес. Бұл суретті жариялағаным оны түсінемін, істегенін ақтаймын дегенді білдірмейді. Олай емес!
Әкеммен қарым-қатынас мен үшін қиын. Көп еңбек пен күш-жігерді қажет етеді. Оны ол тіпті білмеуі де мүмкін. Мен кейбір нәрселерді кешіруге болмайтынына сенемін. Бірақ мен сол кісінің арқасында өмір сүріп жүргенімді білемін. Әкем маған көп жылдар бойы жақсы әке бола білді. Иә, адам қорқынышты әрекеттер жасаса да балаларымен, немерелерімен сөйлесуге құқылы. Өйткені бұл — өмір. Ал өмірде бәрі болады. Сіздер мені, мен сіздерді толық түсіне алмаймын. Бірақ кем дегенде біреуіңіз менің не айтқым келгенін ұқтыңыздар деп ойлаймын», — деп жазды ол.