Жаңалықтар

Шымкентте белгісіз ер адам полицейді пышақтап кетті

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Әлеуметтік желіде Шымкентте әлдебіреу тәртіп сақшысының арқа тұсына соққы жасап, оны жаралаған видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған. Ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Іске сәйкес Қылмыстық кодексінің 380-бабы «Билік өкілін қорқыту немесе күш қолдану» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді полиция.

Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шабуыл жасаған ер адамның ниеті белгісіз. Жараланған полицей тірі, оның денсаулық жағдайы туралы мәлімет жоқ.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close