Жаңалықтар
Елімізде никаб киюге тыйым салына ма? Бас мүфти жауап берді
Шариғат бойынша әрбір кәмелетке толған қыз орамал тағуы керек. Әрбір намаз оқитын қыздың құқығы бар.
Қазақстанда никаб киюге тыйым салына ма? Бұл сұраққа еліміздегі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақпарат және мәдениет министрлігі Қазақстанда никаб киюге тыйым салатын заң жобасын қарастыруда. Бұл ретте, БАҚ өкілдері ҚМДБ-дан осы мәселе бойынша ұстанымын сұрады.
«Біз, Қазақстан ҚМДБ дін негіздерін насихаттаймыз. Никабтың бетті жабатын киім екенін түсінуіміз керек. Шариғатта мұндай киімді кию туралы жазылмаған. Біз заңға бағынамыз. Шариғат бойынша әрбір кәмелетке толған қыз орамал тағуы керек. Әрбір намаз оқитын қыздың құқығы бар. Егер ол орамал кигісі келсе, біз оның құқығын құрметтеуіміз керек. Егер мектеп оқушысы кәмелетке толса, онда ол орамал киеді. Бірақ мектептің өз ережелері бар. Білім алу да адамның міндеті. Пайғамбар балалардыың сауатсыз болмауы керек екенін жазған», – деп жауап берді Бас мүфти.