Жаңалықтар

«Балаларыңды грантқа түсіремін». Ауыл адамдарын сан соқтырған алаяқ жігіт ұсталды

Фото: ашық дереккөз

Елорда полицейлері «балаларыңды грантқа түсіремін» деп ауыл тұрғындарынан ірі көлемде ақша жинап алған алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері азаматтардың ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 21 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады.

«Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қала тұрғыны елордадағы беделді жоғары оқу орындарының біріне грантқа түсуге уәде берген. Ол жәбірленушілердің барлығының шетелде білім алып жатқанын пайдаланып, осы салада таныстары бар екенін мәлімдеген. Қаскүнем грантқа аударуға көмектесемін деген желеумен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында қылмыстық ниетпен ақша талап етіп, алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 7 миллион теңгені құрайды», делінген полиция хабарламасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close