Жаңалықтар

“Әскерде интимдік шекара жоқ“: Дина Төлепберген Ербаян Мұхтардың оқиғасына қатысты жаңа деректі бөлісті

Танымал журналист Дина Төлепберген әскерде жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ өкілінің көмекшілері Ербаян борышын өтеп жатқан әскери бөлімшеге барып, полковниктен пікір алған.

“Есінен танып құлады ма, әлде ұрып құлатты ма? Міндетін атқарамын деп мүгедек болған Ербаян Мұхтардың жағдайына байланысты еліміздің барлық азаматтары секілді менің де көкейімде сұрақ көп. Көмекшілерім Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөліміне барып, елең еткізер фактілерді тапты», – деп мәлімдеді журналист.

Одан кейін полковниктің түсіндіруінше, сарбаз “Очко” деген жерде дәрет сындырғаннан кейін шалқасынан құлаған.

“Очко” деген сөзін түсініп тұрғаным жоқ. Интернетте «очко» деп іздегенімде мынандай суреттер шықты. Тізілген тесіктер. Расында осындай болса, әскердегі дәретханада интимдік шекара деген атымен жоқ екен. Әрине, бұл менің пайымым, себебі бізді ішке кіргізбеді. Полковниктің айтуынша, әлгі “очкода” Ербаянның құлағанын көрген куәгер болған екен. Бірақ үлкен себеппен көмектесе алмапты», – дейді Дина Төлепберген.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік талап еткені туралы жазған едік. Содан кейін бас әскери прокуратура Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Жақында оның ауруханадан шығарылғаны айтылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close