Жаңалықтар
Перуашевтің қатысы бар: ҰҚК Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасарын ұстады
Фото: ашық дереккөз
ҰҚК Ұлттық ұлан бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, генерал-майор Константин ВОРОНКИНді 2023 жылы пара алды деген күдікпен ұстады, – деп хабарлайды qandastar.kz
ҰҚК мәліметінше, генерал-майор жеңіл автокөліктер мен жеңіл көліктердің көтерме саудасымен айналысатын “Параллель-ТС” ЖШС-нің құрылтайшысы Дмитрий ВАСИЛЬЕВТЕН және осы ЖШС директоры Максим ВАСИЛЬЕВТЕН пара алған. Ол Ұлттық ұланның мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, оларға “қамқорлық” жасаған.
Тегіне қарағанда, ұсталған Васильевтер – ағайынды. Сонымен қатар Дмитрий Азат Перуашевтің, нақты айтқанда “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары болып шықты.
“Мен бұл туралы бес минут бұрын білдім, алдымен заңгерлермен сөйлесейін», – деп жауап қатты оқиғаға қатысты Перуашев.