Жаңалықтар
Ақтөбеде кәсіпкер 13 жасар баланы зорлаған
Фото: ашық дереккөз
«НеМолчи» қоғамдық қорына ер адам жүгініп, көмек сұрапты. Айтуынша, 13 жасар баласы зорлықтың құрбаны болған, – деп хабарлайды qandastar.kz
Сөйтіп, қылмыстық іс сонау 1 тамызда қозғалыпты. Ал, 8 тамызда жасалған сараптама зорлықтың бір рет болмағанын растап шыққан. Нәтижесінде, күдіктілер құрықталып, бөлімшеге жеткізілген екен. Алайда, біреуі ғана изоляторға тоғытылып, екіншісі үй қамағына жіберілген.
Жәбірленген баланың әкесінің мәлімдеуінше, әлгі үй қамағына жіберілген ер адам – ірі кәсіпкер. Ақшасы ғана емес, тамыр-таныстары да көп. Сондай-ақ, отбасылы, бала-шағасы бар. Бір ұлы жәбірленген баланың құрдасы екен. Ал, құрбандарымен «ВК» желісінде танысып, қақпандарына түсіретін болған. Яғни, бостандықта болғанын пайдаланып, желіде сақталған дәйектердің бәрін жойып тастауы әбден мүмкін.