Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Көшпенділер ойындарының басталуына аз қалды
Фото: ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы
Түркі әлемі үшін Олимпиадаға пара-пар жарысқа 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады. Олар спорттың асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, мас-рестлинг, қазақ күресі, арқан тартыс, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату, көк бөрі, жамбы ату және овари сынды 21 түрінен мықтыны анықтайды.
Дүбірлі дода 8-13 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді. Түркі әлемі көз тіккен көшпенділер ойыны кезінде елордаға жалпы 100 мыңнан астам турист келеді деген жоспар бар.
Жарыстар қай жерде өтеді?
«Қазанат» ипподромы;
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы;
«Алау» мұз сарайы;
Билет құны 500 теңгеден 15 мың теңгеге дейін барады.
Көшпенділер ойындары кезінде арнайы автобустар қатынайды. Сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін«Астана Арена», «Бас мешіт» және «ЕХРО» тұрақ аймағынан автобустар жоларушыларды тасиды. №18, 37, 303, 323 автобустар уақытша спорттық сайыстар өтетін алаңдар арқылы жүреді.