Жаңалықтар

Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз – Алматы әкімі альпинистердің жоғалуы жайлы

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бір топ қазақстандық альпинистің тауда жоғалып кетуіне қатысты пікір білдірді. «Таң ата дабылды хабар жетті: Іле Алатауының қырғыз жағында қазақстандық бір топ альпинистер із-түзсіз жоғалып кеткен. Жігіттеріміз Қырғызстан аумағында болғандықтан, СІМ мен ІІМ жұмысты үйлестірудеміз. ІІМ іздеу-құтқару жұмыстарын бастады. Хан тәңірі тауынан іздестіру орнына құрамында тауда жаяу жүріп іздейтін құтқаратын топ бар тікұшақ жіберілді. Қиындығы сол, тікұшақ биік шыңдар үстімен ұша алмайды. Шыңның биіктігі – 4500 метр. Одан әрі қарай іздестіру тобы мен еріктілер жұмыстарын бастайды. Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз», – деді ол өзінің Instаgram парақшасында.

Дереккөз: https://24.kz/kz

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close