Жаңалықтар
“KEGOC” АҚ: Топ-менеджерлер өткен жылы 322,9 млн теңгеден астам сыйақы алған
Фото: ашық дереккөз
Өткен жылы АҚ-ның таза пайдасы 60%-ға артқан. Таза пайда – 42,7 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Qandastar.kz.
“KEGOC” АҚ атқарушы органы мүшелеріне 322,9 млн теңгеден астам қаржы төлеген. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасына ұсынған құжатта көрсеткен.
“KEGOC” АҚ атқарушы орган мүшелерінің 2023 жылғы жиынтық сыйақысы 322 867 850,52 (үш жүз жиырма екі миллион сегіз жүз алпыс жеті мың сегіз жүз елу теңге елу екі тиын) теңгені құрады”, – деп жазылған хабарламада.
Бұл ретте компания топ-менеджерлерінің жалақысы ескерілген.
Компанияның басқарма құрамы бес мүшеден тұрады: басқарма төрағасы Нәби АЙТЖАНОВ, басқарма төрағасының орынбасары Бақытжан ЖАЗЫҚБАЕВ, кадрлар, құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор Төлеген САФУАНИ, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Айгүл ӘКІМБАЕВА және стратегия және тұрақтылық жөніндегі басқарушы директор Эльвира КОНАХБАЕВА.
Бес мүшенің әрқайсысы өткен жылдың соңында 64,574 млн теңге немесе айына 5,4 млн теңге алған.