Жаңалықтар

«Әкем киімін жинап кетіп қалған»: Кішкентай қыздың әңгімесі көпшілікті жылатты

Фото: скриншот

Әлеуметтік желіде әкесін сағынған кішкентай Айша есімді қыздың видеосы таралды. Бейтаныс кәсіпкер кішкентай қызбен сөйлесіп, мектепке дайындығы жөнінде сұрайды. Кейіннен Айшаны киіндіріп, үйіне азық-түлік жеткізіп береді, деп хабарлайды  qandastar.kz  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Айша есімді кішкентай қыздың айтуынша, оларды әкесі тастап кеткен.

«Әкеміз бізбен бірге тұрмайды. Ол киімін жинап кетіп қалған. Сіздің иісіңіз менің әкемнің иісіндей екен. 2-сыныпқа барамын. Мектеп формасы мен қалам-дәптер алмадық», – дейді кішкентай қыз.

Ол еден жуатын анасына көмектесетінін атап өтті.

«Көпқабатты үйдің 18 қабатынан 7 қабатына дейін сыпырамын. Анама көмектесемін. Ол еден жуады», – дейді Айша.

Кәсіпкер жігіт кішкентай қыз бен оның ағасын жаңа оқу жылына дайындап, керек-жарақтың барлығын алып берді. Тіпті, телефонына дейін алып берген. Сондай-ақ үйіне қажетті азық-түлікті жеткізіп берді. Кішкентай Айшаның көңіл-күйін көтеріп, қонжық пен гүл сыйлады.

«Мектепке де дайын болмадық. Сабақтың басталуына 1-2 күн қалып еді. Сондықтан осындай көмектеріңізге көп рахмет. Алла разы болсын», – деді Айшаның анасы.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close