Жаңалықтар

Экс-шенеунік Болат Мажағұлов қамауға алынды

Фото: ашық дереккөз

Елордадағы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz Козачков Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ол 2016 жылы фонтан құрылысы кезінде ұрлық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды. Нысан 2017 жылдан бері апатты жағдайда тұр.

Қазір Мажағұловтың 3 коммерциялық үй-жайы, 2 автотұрақ және премиум ғимараттағы пәтеріне шектеу қойылды.

Тергеу бойынша тағы күдіктілер бар – бұл субұрқақты салған мердігер компания өкілдері. Олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асатын мүлкі тәркіленген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close