Жаңалықтар

Алматыда Серікжан Бияш сотталды

«Алматыда Серікжан Бияш сотталды» — деп хабарлады, Алматы қаласы Әуезов аудандық соты.
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотымен 2019 жылдың 16 тамызында бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отыра жария түрде ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін Қылмыстық кодексінің 174 бабының 1 бөлігімен айыпталған Серікжан Бияшқа қатысты қылмыстық ісі келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Бияш С. кінәсін мойындап, прокурормен кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасады.

Сот үкімімен С.Бияш ҚК-нің 174 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Процестік келісімге сәйкес, оған бас бостандығынан айырмау түріндегі жаза тағайындалды.

С.Бияш үй қамақтан босатылды.

Қайнар: http://almaty.sud.kz/kaz/news/almatyda-serikzhan-biyash-sottaldy

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close