Жаңалықтар

Алматының Әл-Фараби даңғылына 80 км/сағ жылдамдық қайта енгізілді

Алматының Әл-Фараби даңғылында сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге қайта рұқсат етілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Рұқсат етілген жылдамдықты сағатына 80 км-ге дейін қайтару мәселесі көптеген қалалықтарды толғандырады. Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі қызметін бастағаннан бері осы тақырыпта 800-ден астам өтініш келіп түсті», — деп жазды қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі, Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram-да.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, рұқсат етілген жылдамдықты 60 км/сағатқа дейін төмендеткенімен, апатты жағдай қалада жақсарған жоқ. Өкінішке орай, жол-көлік оқиғаларының саны арту үстінде. Шығыс айналма жолы мен Әл-Фараби даңғылына бұрынғы жылдамдық режімін қайтаруды Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі де ұсынған болатын.

«Сондықтан, қоғам тарапынан түскен көп өтінішті назарға ала отырып, Алматы әкімдігі Шығыс айналма жолы мен Әл-Фараби даңғылына рұқсат етілген 80 км/сағат жылдамдықты қайтару жөнінде шешім қабылдайды. Бұл бірыңғай айналма жолына енетін көшелерге қатысты оң шара болып табылады», — деді Әсет Мұқажанов.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close