Жаңалықтар

«Керім, күштімін». Ерке Есмахан нағыз бақыттың не екенін түсінгенін айтты

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында нағыз бақытты қалай түсінетінін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz El.kz ақпарат агенттігі.

Бір кездері мен көп жұмыс істеп, ұшып-қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде, керім, күштімін, “осы менің бақытым” дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт – ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай?, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің пікірін қолдап, келісетіндерін атап өткен.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close