Жаңалықтар

Көшпенділер ойындарына Шымкенттен 85 жастағы қария велосипедпен келе жатыр

фото: видеодан скриншот

Шымкенттен шыққан қария Астанада өтіп жатқан Көшпенділер ойындарына велосипедпен жетпек, деп хабарлайды qandastar.kz Ontustiktv.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, 85 жастағы ақсақал 1 500 шақырымды велоспиедпен еңсеріп өтіп, жерлестеріне қолдау білдірмек ниетте. Бұл елде болып жатқан елеулі шараға үлес қосу мақсатында жасалған қадам және әркімнің азаматтық борышы дейді. Осы орайда Астана төрінде өтіп жатқан дүбірлі доданы насихаттап, елдің атын шығаруға ниетте.

Жастайынан велосипед айдап, талай сайыста топ жарған Кеңесбек Сейдімбекұлы үшін бұл сапар да қиынға соқпайтыны белгілі. Жолаушыны Шымкенттен жерлестері, шәкірттері мен ұл-қыздары шығарып салды.

Батагөй қария бейбіт күнде дүбірлетіп ат шаптырып, той тойлап жүргеніміз ата-бабаның арманы еді дейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close