Білім

Аймағамбетов Маңғыстаудағы балалар уланған мектеп директорымен туыстығына қатысты пікір білдірді

Фото:t.me/aimagambetov

Бұрынғы білім министрі, парламенті мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы мектеп директорымен туыстық қатынасы жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ беттерінде Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы 300 оқушы уланған мектеп директорының Асхат Аймағамбетовпен туыстық қатынасы болуы мүмкін деген ақапарат тарады. Экс-министр бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

“Қызық, менімен тектес қанша адам бара екен? Егер олардың барлығын менің туыстарым деп есептейтін болсақ, онда кез келген мәселеде осы туралы жазуға болады. Сонда әр тақырып өзгеше түрленіп кетеді. Мысалы, Маңғыстаудағы жағдай туралы жазған бір басылым ондағы мектеп директорын менің «туысым» деп көрсеткен. Мен мұндай адамды бірінші рет естіп тұрмын. Енді оларды шежіреге қосу керек болды”, – деп жазды Аймағамбетов.

Мәжіліс депутаты білім беру саласындағы басшылық қызметте ешқандай туысы жоғын айтты. Ол Маңғыстауда болған жағдайға қатысты балалар мен ата-аналарға қолдау білідіріп, тезіреп сауығып кетуін тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалғанын жаздық. Деректерге сенсек, мектеп асханасына барған 1-4-сынып оқушылары зардап шеккен. Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, жергілікті ауруханаға барған кезде ол жақта кезекте 50-ден астам бала болған. Көрші Маңғыстау ауылының медициналық мекемесі 35-40 оқушыны бақылап, кейбір зардап шеккендерді Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасына жіберген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close