Жаңалықтар

Жартысы «Росатомға» тиесілі: «Қазатомөнеркәсіп» ірі кен орнында уран барлайды

Фото: agmpnews.kz/tag

Компания Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан «Буденовское» кен орнының №5 учаскесінде 6 жыл мерзімге уранды барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алды, – деп хабарлайды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ке сілтеме жасап.

Уран ресурстары 18 000 тоннадан астам деп бағаланады.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың желтоқсанында «Росатом» «Газпромбанктің» несие желісі бойынша «Буденовское»-ның 49% үлесін 1,6 миллиард долларға сатып алады. Алайда бұл ақпарат көпшілікке жарияланбады. «Росатомның» қазақ жеріндегі кенішті сатып алғанын 2023 жылы мамырда бірақ хабарланды. Сату фактісі «Қазатомөнеркәсіптің» 2022 жылға арналған жиынтық есебі жарияланғанда белгілі болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close