Жаңалықтар

«Жақындары мен достарынан ақша сұраған»: Маңғыстауда бетіне оқ тиіп қаза болған сарбаздың анасы мәлімдеме жасады

Фото: видеодан скрин

Ақтаудағы «Оймаша» полигонынында бетінен оқ тиіп, қаза тапқан сарбаз Марат Барқұлов қайтыс болар алдында жақындары мен достарынан ақша сұраған екен. Аталған жайтты марқұмның анасы Әсия Барқұлова айтты. Бұл туралы qandastar.kz  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер Дамир Көшеевтің Instagram парақшасында сарбаздың анасы, әкесі және достары түскен видео пайда болды.

Марқұмның әкесі Ербол Барқұловтың айтуынша, Марат бастапқыда әскерге барғысы келмеген. Алайда бір жылдан кейін ол ойынан айнып, Отан алдындағы борышын өтеуге бел буыпты.

«Ұлым осы жылы өз еркімен әскер қатарына аттанды. Ол Қазақстанның таңдаулы әскерлерінің қатарына қосылғанын мақтан етті. Теңіз жаяу әскерінің қатарына қосылғанына қуанды», – дейді марқұмның әкесі.

Мараттың анасы ұлынан Шығыс Қазақстанда қызмет етуді сұрағанын айтты. Дегенмен ол өз таңдау жасағанын айтып, анасынан алаңдамауын өтініпті.

«Үнемі бәрі жақсы деп айтатын. Көп ақша сұрамайтын, әрі кетсе екі мың теңге. Сол күні, бейсенбіде (5 қыркүйек) ол қандай да бір себептермен ақша жинай бастады. Екі сағаттың ішінде бәріне қоңырау шалыпты. Әкесі мен әпкесіне байланысыпты. Маған ғана хабарласпады», – дейді Әсия Барқұлова.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close