Жаңалықтар
56 жылда бірінші рет осылай киіндім: Жұмысшының өзгерісі желі қолданушыларын елжіретті
Фото: видеодан скриншот
Желіде қарапайым жұмысшының 100 мың теңгенің киімін сыйға алып, балаша қуанған видеосы көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды qandastar.kz.
TikTok желісінің @artemmodelka қолданушысы көше тазалаушы ағаға жақындап келіп таңдау жасатады. Қолында 50 немесе 100 мың теңге сертификаты бар. Жұмысшы 100 мың теңгені таңдайды. Осылайша желі қолданушысы жұмысшыны дүкенге апарады. Ауа райы салқындап келе жатқандықтан жұмысшы жылы киімдер алуды жөн санайды.
Желі қолданушыларының алдында өзгеріп кеткен жұмысшы 56 жылдан кейін осылай киініп тұрғанын айтып, балаша қуанып қалды.
Бұл видео TikTok желісінде 3,2 млн қаралым жинап үлгерді. Желі қолданушыларына ерекше әсер еткен видео роликке көпшілік ыстық ықыластарын жаудыруда. «Жақсылықтың бар екенін дәлелдеп жүргеніңізге рахмет «, «Адам көркі-шүберек деген, ағаны танымай қалдық қой «, «Бала сияқты қуанып қалды » деп жазды желі қолданушылары.