Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты: Міндетті әскери қызметті жоюды қолдайтындар – халықтың жауы

Фото: kazvedomosti.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов міндетті әскери қызметтің күшін жоюды қолдайтындарды халық жауына теңеді,  – деп жазады qandastar.kz

Депутаттың айтуынша,  әскер мен қоғамның арасына жік салу қауіпті құбылыс болмақ. Себебі Қазақстан стратегиялық маңызды өңірде, Ресей мен Қытай сияқты ірі және ықпалды мемлекеттердің жанында орналасқан. Міндетті әскери қызмет Қарулы Күштердің дайындық деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді, бұл елдің егемендігін қорғау үшін маңызды.

Алайда бұл пікірге халықаралық және әскери қауіпсіздік сарапшысы Эмин Джаббаров түбегейлі қарсы. Ол жүйені толықтай реформалауды қажет санайды.

«Қазақстанда үш әскери институтқа тоқтам салу қажет және Ұлыбритания мен Пәкістандағыдай жоғары білім базасында әскери қызмет атқаруға жағдай жасаған дұрыс. Бұл – халықаралық тиімді тәжірибе», – деді сарапшы.

Еске салайық, елімізде жастарды әскерге міндеттеп әкетуге қарсы петиция жарияланды. Петиция авторларының шағымы шаш етектен. «Армиядағы жазатайым оқиғалар әлсіз жүйенің салдары, медициналық бақылау мен қауіпсіздік мәселесі де ақсап тұр» дейді авторлар.

Петиция 21 қыркүйекке дейін талқыланбақ. Егер ол 50 мың қол жинаса, Қорғаныс министрлігі өтінішті қарауға міндетті. Қазірдің өзінде петиция 35000 қаралым жинап тұр. Петиция сілтемесі осында 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close