Қаржы және төлемдер

Жаппай тексеру болмайды – Kaspi-аударымдарды бақылау жыры не болды

Коллаж: ulysmedia.kz.

Kaspi-аударымдарды бақылау мәселесі жыл басынан бері ең көп талқыланған. Биыл жазда қаржы вице-министрі Ержан Біржанов «бұл бағытта билік қандай шешімге келді» деген Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына жауап берген еді, деп хабарлайды qandastar.kz.

Арада үш ай өткенде портал тілшісі осы сұрақты қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа қайта қойды. Себебі сол кезде вице-министр «мәселе қайта қаралып жатыр» деген болатын.

Біржанов не дейді

– Каспий банк аударымдары бойынша біздің ұстанымдарымыз – жыл басынан бері бірыңғай. Жаппай тексеру болмайды. Тек ескерту немесе хабарлама беру арқылы егер айырмашылық шығар болса, ұсыныс жасаймыз. Себебі олар салық тіркеуіне тұруы керек. Нысаналы декларация толтыруы тиіс. Салық төлеуі тиіс. Жіберілген хабарламаны орындамаса, басқа шара қолдана аламыз. Жаппай тексеру фактілері болмайды, – деді Біржанов мәжіліс кулуарында.

Саудагерлер не дейді?

Kaspi bank арқылы азаматтардың бір-біріне телефон нөмірін теріп қана жөнелте беретін ақшасы биылдан бастап саябырлай бастаған еді Оған «енді переводтың бәрі бақылауға алынады екен» деген әңгіме тікелей себеп болған. Ұсақ саудасы, шағын дүкені, дәріханасы бар азаматтар бұған дейін ақыны аударыммен қабылдай берсе де, биылдан бастап қолма-қол ақшаны талап ете бастаған. Табысының аз да болсын бөлігін салық ретінде бергісі келмейтіндер баршылық.

Кейін билік тарапы мәселе қайта жіті зерттелетінін жеткізген еді.

Салық органдарының өкілдері, экономистер мен сарапшылар бұл тақырыпта айтарын айтып-ақ жатыр. Ал қарапайым саудагер не дейді? Ulysmedia.kz тілшісі базарда саудасы бар біршама адаммен сөйлесіп, олар осы жөнінде не ойлайтынын біліп көрген болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close