Жаңалықтар
Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлап, көліктің үстіне түсті
Фото: ашық дереккөз
12 қыркүйекте Yutong Bus автобусының жүргізушісі Алматы-Бішкек автожолының 25 шақырымында бұрылу маневрін жасап, рөлді басқара алмай, қоршауға соғылып, содан кейін көпірден Mercedes Benz Sprinter-дің артқы жағына құлаған, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Апат салдарынан құлаған автобустың жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.
Автокөліктер арнайы автотұраққа қамалды.
Алматы облысының полициясы жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.