Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігінің болжамынша 2030 жылы Қазақстанда соғыс болады – Ермұрат Бапи

Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бюджет тапшылығына деген өкпесін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

Ол Қазақстан билігінің Қорғаныс министрлігіне төгетін ақшасының тым аз екенін айтты.

«Бюджеттегі тапшылық! Кепкен тулақ сияқты дүние ғой. Ешкінің кепкен терісі сияқты – былай тартсаң былай жетпейді, былай тартсаң былай жетпейді. Екі жаққа тартсаң, жыртылып, айырылып кетуі мүмкін. Егер біз геосаяси тәуекелдерді есепке алсақ, осы тапшылықтың бәрі түкке тұрмай қалады. Сондықтан мен ұлттық экономика министрлігінен сұрайын дедім. Қорғаныс саласына бөлінген сома көрсетілді. Бірақ бұл сандар бізге ешнәрсені көрсетпейді. Украинадағы жағдаймен салыстырғанда… Жалпы ішкі өнімнің қанша бөлігін қорғаныс министрлігіне бөліп отырсыздар? – деп сұрады Ермұрат Бапи.

2030 жылы соғыс болып қалуы мүмкін екенін де баса айтты.

«Биылғы бюджетте 0,8, келесі 0,4% дейсіз. Бұл не қаржыландыру? Кім жауап береді? Қорғаныс министрлігі қазір біздің қауіп-қатер мынау… Мамандардың есебі бойынша 2030 жылы соғыс болады. Сондай тәуекел бар. Ол, тіпті, біздің қорғаныс ведомствосында сондай болжам бар. Әлемдік сарапшыларды есепке алмағанда! Осындай жағдайда біздің қорғаныс саласына 0,4% бөлу деген, бұл не? Не «заговор» бұл? Қайдан шыққан есеп бұл? Біз мұны әлі көтереміз! – дейді Ермұрат Бапи.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close