Жаңалықтар

Этноауылда көрермендер үшін күнде ұзатылып жүрген қыз желідегілерді күлкіге қарқ қылды

Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде этноауылда күн сайын ұзатылып жүрген қыздың видеосы үлкен қызығушылық тудырды, деп хабарлайды qandastar.kz.

«Көшпенділер әлемі» деп аталатын этноауылда қыздың сән-салтанатты киімдері мен оның күнде болатын ұзату рәсімі желі қолданушылары арасында кеңінен талқыланып, оларды күлкіге қарқ қылды.

Желі қолданушылары «Мынадай визуализациядан кейін тұрмысқа шықпауы мүмкін емес сияқты», «Неге айтпадыңыздар, мен де тұратын едім» деген секілді пікірлерін білдіріп жатыр.

Айта кету керек, дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында ашылған «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылған-ды. Онда қала тұрғындары мен қонақтар қазақ халқының бай мұрасымен, көшпелі халықтардың өзіндік мәдениетімен танысты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close