Жаңалықтар

Олжас Бектенов Шымкент қаласының дамуы және Президент Жолдауын іске асыру шараларымен танысты

Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Шымкентке жұмыс сапары аясында мегаполистің қазіргі даму барысымен және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру шараларымен танысты, деп хабарлайды qandastar.kz.

«Оңтүстік» индустриалды аймағының аумағында Үкімет басшысы сусындарға арналған алюминий қалбырлар мен қақпақтар шығаратын QazAlPack кәсіпорында болды. Өндірістік қуаты жылына 1,2 млрд дана банка шығаруға мүмкіндік береді. Зауытта 360 адам жұмыс істейді.

QazAllPack ЖШС директоры Рустам Сухов автоматтандырылған өндіріс процесін таныстырып, қаптаманың бұл түрі өзінің тұтынушылық қасиеттері бойынша ең прогрессивті әрі экологиялық таза екенін айтты. Заманауи сапа стандарттары бойынша өндірілетін өнімдер ішкі нарықта сатылып, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Мемлекеттік қолдау шаралары мен ИА аумағында құрылған қолайлы жағдайлардың арқасында компания 2025 жылға қарай екінші өндірістік желіні іске қосып, өнім көлемін 2,3 млрд банкаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов Шымкент қаласының жалпы индустриалды негізін жалпы ауданы 1 276 гектар 7 өнеркәсіп аймағы құрайтынын, онда бүгінде 293 жоба іске асырылғанын, 8,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғанын баяндады. «Оңтүстік» инвестициялық портфеліне жалпы құны 151,3 млрд теңгені құрайтын 70 жоба кіреді.

Үкімет басшысы сондай-ақ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеу зауытында түрлі отын түрлерін өндірудің технологиялық тізбегімен танысты. Кәсіпорын жылына 6 млн тонна мұнай өңдейді. Шығарылатын өнім түрлерінің қатарына автомобиль бензиндері, дизель отыны, авиациялық керосин, сұйытылған көмірсутек газы, мазут және басқа да мұнай өнімдері жатады.

Премьер-Министрге Шымкент МӨЗ өндірістік қуатын жылына 12 млн тонна қайта өңделген мұнайға дейін ұлғайту жобасының басталғаны туралы баяндалды. Олжас Бектенов ЖЖМ нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті. Өңір мен МӨЗ басшылығының назары қайта өңдеу сапасын одан әрі жақсартуға, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ағыны мен «сұр экспортына» жол бермеуге аударылды.

Сапар барысында Премьер-Министр жаңа салынып жатқан бірқатар әлеуметтік және жол нысандары мысалында Шымкент қаласы бас жоспарының іске асырылуымен танысты. Онда жыл соңына дейін 2,6 мың пәтерге арналған 66 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары туралы баяндалды. Биылғы қорытынды бойынша 1,4 млн м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тұрғын аудандарда жайлы мектептер, емханалар, заманауи спорт кешендерінің, сондай-ақ Оқушылар сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Премьер-Министр 36 тұрғын үй салынып жатқан Ақжайық шағын ауданына аралау барысында құрылыс сапасына және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің үлесін одан әрі арттыру қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Үкімет басшысына қаланы айналып өтетін транзиттік көліктің өтуін қамтамасыз ету үшін ұзындығы 28,2 км «Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасы шекарасы» А-2 автожолын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы баяндалды.

Қаланың одан әрі дамуы, өндірістік қуаттардың кеңеюі және жаңа инфрақұрылымдық жобалардың іске қосылуы тұрақты және үздіксіз энергиямен жабдықтауды талап ететіні атап өтілді. Бүгінгі таңда Шымкентте жеке өндірілетін энергияның жалпы қуаты 120 МВт құрайды, сонымен бірге қала 400 МВт, сұраныстың ең жоғары кезеңдерде – 500 МВт қуатты тұтынады.

Үкімет басшысы қазіргі уақытта Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70%-ын қамтамасыз ететін көмір электр стансаларына қатты тәуелді екенін атап өтті. Алайда, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда, өйткені жұмыс істеп тұрған стансалардың тозу деңгейі жоғары. Биылғы 6 қазандағы референдумда оң шешім қабылданған жағдайда атом электр стансасы осы проблемалардың шешімі бола алады. АЭС тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алады. АЭС құрылысы энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыруға ықпал ететін болады, бұл ретте қалдықтарды жинау мен сақтаудан бастап утилизация мен қайта өңдеуге дейінгі басқарудың барлық аспектілері ескерілетін болады.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close