Жаңалықтар

«Анасын кірпішпен ұрып талдырып, қызын зорлаған»

Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысы Келес ауданында ер адам әйел мен оның қызын асқан қатігездікпен өлтірген. Күдікті олардың үйіне баса көктеп кіріп, әйелді кірпішпен ұрған. Қызды басқа бөлмеге сүйреп апарып, зорлап, бетін, құлағы мен көкірегін тістеп тастаған, деп хабарлайды qandastar.kz

Куәгерлердің сөзінше, қылмысты 16 жастағы оқушы қызға қырындаған мұғалім жасаған. Анасы мұғалімнің үстінен шағымданып, жұмыстан босатып жіберген екен. Дегенмен, Түркістан облысының білім басқармасы күдіктінің білім саласында жұмыс істемейтінін айтты.

Ал полицияның мәліметінше, аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close