Жаңалықтар
Президент ҰҚК төрағасының екі орынбасарын қызметінен босатты
Фото: gov.kz: Руслан Сейсембав пен Асқар Әмірханов
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары қызметінен босатылды, – деп жазады qandastar.kz
Мемлекет басшысының өкімімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.