Әлем жаңалықтары
Тоқаев «Қазақстан – Германия» бизнес форумында сөз сөйледі
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Германия» бизнес форумында сөз сөйледі.
“Неміс өнімі өзінің ерекше сапасымен және сенімділігімен баршаға мәлім. Біз жалпы құны 55 млрд доллар болатын 66 бірлескен инвестициялық жоба бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік. Германия кәсіпорындары елімізге көбірек келіп, «Қазақстанда неміс сапасына сай жасалған» деген ортақ бренд аясында жергілікті өндірісті жолға қояды деп үміттенеміз”, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзара ынтымақтастықтың бірқатар перспективті бағытына тоқталды.
«Аса маңызды шикізатты инвестиция мен технологияға айырбастау» прагматикалық формуласына сай табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу ісін дамытуды ұсынамыз. Бізде әлі барланбаған бес мыңнан астам кен орны бар. Бұл кеніштердің құны триллиондаған долларға бағаланады”, – деді Президент.