Жаңалықтар
Тағы да әскерде: Арыста әскери қызметші өзін-өзі атып жіберді
Фото: ашық дереккөз
Қорғаныс министрлігінің Арыс қаласындағы әскери бөлімінде келісімшартпен жұмыс істейтін ефрейтор өз басынан өзі атып, ауруханаға түсті, – деп хабарлайды qandastar.kz
Оқиға 16 қыркүйекте болған. Д. Т., есімді азамат Арыс қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.
«16 қыркүйекте тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде Арыс гарнизоны әскери бөлімдері бірінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі травматикалық қарудан басынан жарақат алды. Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.
Жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.