Жаңалықтар

Әлем чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар тізімі белгілі болды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 8-22 қыркүйек аралығында Екатеринбургте өтетін әлем чемпионатына баратын құрама тізімін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында әлем біріншілігіне баратын былғары қолғап шеберлері:

Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін)

Қайрат Ералиев (57 келіге дейін)

Закир Сафиуллин ( 63 келіге дейін)

Абылайхан Жүсіпов ( 69 келіге дейін)

Тұрсынбай Құлахмет ( 75 келіге дейін)

Бекзат Нұрдәулетов (81 келіге дейін )

Василий Левит ( 91 келіге дейін )

Қамшыбек Қоңкабаев (91 келіден жоғары)

Ұлттық құраманы Екатеринбургке бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев, аға бапкер Марат Жәкиев, сондай-ақ Мырзағали Айтжанов, Жәмил Жүсіпов және Марат Манашевтар бастап барады.

Дереккөз: https://24.kz/kz

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close