Жаңалықтар
Министрлік қызметкеріне 65 млн теңге пара бермек болған
Фото: istockphoto.com
ЖШС директоры К 2021 жылдың сәуірінде пара беруге итермелеу арқылы алаяқтық жасау мақсатында М есімді азаматшаны алдап, төленген салық мөлшерін арттыру мәселесін шешу үшін Қаржы министрлігінің лауазымды қызметкерлеріне 65 млн теңге ақша беруге көндірген, деп хабарлайды qandastar.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Сот үкімімен К алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу баптары бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оның кінәсі куәгерлердің сөзімен, тергеу амалдарымен, сараптама қорытындыларымен дәлелденген.