Жаңалықтар
Кола, сникерс, ақша: Жазықбаев әскердегі бопсалауға қатысты мәлімдеме жасады
Коллаж Ulysmedia
Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскердегі ақша бопсалау шағымдары туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады Qandastar.kz.
Журналистер вице-министрден жас сарбаздардың жәрдемақы алатынына қарамастан, неліктен жақындарына ақша үшін жиі жүгінетінін түсіндіруді сұрады.
Жазықбаевтың айтуынша, бейбіт уақытта әскери қызметшілердің шығыны «жауынгерлік емес» шығындар деп аталады. Әскердегі қызметкерлердің ата-аналары көбіне үйінен 2-3 мың теңге ақша сұраса, бопсалау құрбаны болып жүр деген болжам жасайды. Вице-министрдің мәлімдеуінше, шын мәнінде әскери қызметкерлер жәй ғана кола мен «Snickers» сатып алғысы келеді.
– Бізде бір жағдай болды. Бір офицер екіншісінен 3 мың теңге алған. Ол қазір тергеу изоляторында. Тергеу жүріп жатыр. Бірақ жалпы ата-анадан 2-3 мың теңге сұралады деген әңгіме бар. Бізде белгіленген «норма» бар. Сонымен қатар әрбір 18-19 жастағы бала тәтті жегісі келеді. Ол үшін әскери бөлім аумағында тәттілерді сатып алуға дүкен бар, – деді ол.