Жаңалықтар
Мырзахметов мемлекетке заңсыз алған 7 млрд теңге қаражатты қайтарды
Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И. Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды” – делінген хабарламада.
Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Барлық қылмыстық істер шеңберінде 195 млрд теңге қайтты.