Жаңалықтар

Тағы да суық хабар: әскери қызметкер суицид жасағаны туралы ақпарат тарады

Фото: istockphoto.com

Оқиға 21 қыркүйекке қараған түні Петропавлда болған.

Петропавлда үйлердің бірінің жертөлесінде қорғаныс істері департаментінің келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшісінің денесі табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy СҚО қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, оқиға қызметтен тыс уақытта болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсады. Оқиға орнында суицид алдында жазылған хат табылды. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close