Әлем жаңалықтары

Қазақстандықтар тағы бірнеше ай Таиландқа тегін визамен сапарлай алады

Таиланд билігі туристерді елге көптеп тарту мақсатында визаны тегін беру үрдісін тағы бірнеше айға созды. Оған себеп, өткен жылы Пхукетте қайық апатқа ұшырап, саяхаттап келушілер саны күрт төмендеп кеткен. Жағдайды түзеу үшін үкімет виза төлемдерін алып тастауды ұйғарды. Министрлер кабинеті хабарлағандай, 2020 жылдың сәуіріне дейін туристік құжат бірқатар мемлекеттің азаматтарына тегін беріледі. Бұл тізімде Қазақстан да бар. Жалпы қазақстандықтар 75 мемлекетке визасыз сапарлай алады. Айта кетейік, Таиландтың ЖІӨ 12 проценті шетелдік туристерден түскен пайдадан құралады. Жауапты өкілдер бұл көрсеткішті арттыруға ынталы. «Таиландқа жолы түскендер виза үшін жан басына шаққанда 2000 бат (60 АҚШ ақшасы) төлеп келді. Сондықтан оны алып тастау  біздің елге жиі табан тірейтін жандар үшін жағымды жаңалық», – дейді олар.

Дереккөз: https://24.kz/kz/

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close