Жаңалықтар

Дене пішіні бұзылған, толық ісінген, қарайған: Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

Фото: lada.kz

Ғаламторда Ақтаудағы 3-ші шағын ауданнан табылған ер адамның денесі туралы ақпарат тарап кетті, деп хабарлады Qandastar.kz. Lada.kz сілтеме жасап. Табылған ер адам бұрын түрлі турнирлерге қатысқан жекпе-жек шебері екені анықталды.

WhatsApp мессенджерінде 3-ші шағын ауданындағы қоқыс контейнерлерінің жанынан денесі табылған аралас жекпе-жек спортшысы Вусал Жафаровтың суреттері тарады. Оның дене пішіні бұзылып, толық ісінген, қарайып кеткені көрінеді.

Полиция департаменті ақпаратты растады. Мәйіт бір күн бұрын, яғни 20 қыркүйекте табылған.

– Табылған мәйіт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Қолданушылар Вусал Жафаровты ұрып-соғылғанын, сонымен қатар денесі көшеде бірнеше күн бойы жатып қалғанын жазуда.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Вусал Жафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастады. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close