Жаңалықтар

Қанат Шарлапаев: Депутаттар тексермей, сөйлей береді

Фото: primeminister.kz

Министр Қанат Шарлапаев «Құрылыс кодексіне» бөлінген қаражат ұрланды деген депутаттың айыптауына жауап берді, – деп хабарлайды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz сілтеме жасап.

«Әрине, депутаттардың өз пікірін айтуға құқығы бар. Олар тексермей айта береді.

Бірақ жоғары аудиторлық палата аудит жүргізді. 2024 жылдың 26 шілдесінде шыққан аудит нәтижесі депутат айтқан бұзушылықтарды анықтамады.

Менің қолымда екі есеп бар. Бірінде ешқандай бұзушылықтар анықталмады. Ресми тергеу әлі аяқталмады, себебі мемлекеттік орган бұл шешімге шағым бере алады.

Сондықтан Бақытжан Базарбектің әлі аяқталмаған тергеу бойынша нәтижені жариялағаны туралы ештеңе айта алмаймын», – деді министр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close