Жаңалықтар

Вакансия жоқ: Қуандық Бишімбаевқа түрмеден жұмыс табылмаған

Фото: Жоғарғы сот

Азаматтық некедегі әйелін өлтірген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жұмыс істемейді. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Экс-министр қазір қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр.

«Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа тұрған жоқ. Сотталушының күн тәртібі ҚАЖ мекемесінің ішкі тәртіп ережелері және қолданыстағы қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес сақталады», –  делінген хабарламада.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаев колонияда ағаш және металл өңдеу жұмыстарымен айналыса алатыны хабарланған.

Естеріңізге салайық, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталды. Қылмыс 2023 жылы 9 қарашада елорданың сол жағалауындағы мейрамханада жасалған болатын.

Ал Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close