Жаңалықтар

Жедел жәрдем үйде қызмет көрсетуді тоқтатпайды

Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем түнгі шақыртуларға бармайды деген жаңалыққа түсініктеме берді, деп хабарлайды qandastar.kz. Айтуларынша, өзгерістер керісінше қызмет сапасын жақсартып, науқасқа тез жету үшін жасалып отыр. Өйткені жедел жәрдем кешігіп келеді деген шағым көбейген.

Сондықтан 4-ші санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем жұмыс күндері таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 18:00 барады, ал сенбіде таңғы 8:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

4-ші санатқа қандай жағдайлар кіреді? Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін (жіті немесе созылмалы) аурулардың өршуі, аллергиялық аурулар, жеңіл жарақаттар (күйіктер, көгерулер), жәндіктердің шағуы, құсу, дене қызуының көтерілуі сияқты жағдайлар жатады. Міне осындай жайт туындаса, жедел жәрдем түнделетіп бармайды.

Өзгерістің 1, 2, 3 санаттағы науқастардың шақыртуына қатысы жоқ, оларға тәулік бойы қызмет көрсетіледі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close