Жаңалықтар

Орамал тағуға рұқсат делінген жоқ: Жоғарғы сот мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөз

Жоғарғы сот мектепте орамал тағу туралы мәселені қарастырған жоқ, деп хабарлады qandastar.kz. Кассациялық саты тек мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды. Өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.

Жоғарғы сот осындай мәлімдеме жасады.

«Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған.

Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз.

Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады», – деп хабарлады Жоғарғы сот.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close