Әлем жаңалықтары

Қытайдың Хайнань аралында құйыннан сегіз адам қаза тапты

Қытай Халық Республикасының оңтүстігіндегі аралдық провинция – Хайнань қаласында қатты құйын салдарынан сегіз адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Жергілікті биліктің мәліметінше, таңғы сағат 04.00 шамасында торнадо Даньчжоу қаласымен өткен. Құрылыс алаңында жұмысшылардың қосалқы нысанының қирауы салдарынан сегіз адам мерт болды. Бір адам ауыр зардап шеккен . Сондай-ақ, бір жұмысшы жеңіл дене жарақатын алған. Билік оқиға орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін бригада жіберді.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close